ҚР азаматтарына психологиялық даярлау курсы » Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » ҚР азаматтарына психологиялық даярлау курсы

ҚР азаматтарына психологиялық даярлау курсы

16-10-2020, 11:42
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген ҚР азаматтарына  психологиялық  даярлау курсы

             Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің                     24.04.2020 жылғы  №158 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары психологиялық даярлаудан өтуі тиіс.
             Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарға  психологиялық даярлаудан өту курсы 3 ай,  аптасына 1 рет «Skype» қосымшасы арқылы онлайн режімінде «Айналайын», облыстық №1 балалар үйлерінде және Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы   мектеп-интернатында өтеді. Балалар үйлерінің жауапты қызметкерлердің  байланыс телефондары:
             - Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі:                               Әлеуметтік педагог - Оналбаева Назгүл Талгатқызы, психолог – Егинбаева Мөлдір Орныкбайқызы. 8(7282) 32-82-51, 30-23-22.
             - Алматы қаласында орналасқан облыстық №1 балалар үйі:                      Әлеуметтік педагог - Кадырова Әсел Кадырқызы, психолог - Мендекулова Сәуле Алиппаевна. 8(7272) 69-62-40.
             - Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты:  Әлеуметтік педагог -  Рахимбаева Ұлтуар Даиркажиевна, психолог - Каримова Айман Кайрдиновна.  8(72831) 9-12-69.
Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 136
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать