Главная > Жаңалықтар > Балқаш аудандық білім бөлімі және аудандық білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн вебинар болып өтті

Балқаш аудандық білім бөлімі және аудандық білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн вебинар болып өтті


30-10-2020, 11:17. Разместил: admin
2020 жылдың 30 қазан күні Балқаш аудандық білім бөлімі және аудандық білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына енгізілген өзгерістерді таныстыра отырып, оны жүзеге асыру жолындағы проблемаларды шешуге ұсыныстар жинақтау, талдау, жоспарлау мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілі, математика , тарих, география, биология, химия, информатика, физика пәндері мұғалімдеріне арналған «ҚР БҒМ №125 бұйрығына енгізілген өзгерістер және оны жүзеге асырудағы міндеттер» тақырыбында онлайн вебинар болып өтті.
Вебинар жұмысына 345 мұғалім қатысты. Вебинар барысында пән мұғалімдерінің аталған бағытта жүргізілетін шараларға ұсыныстар жинақталып, талқылау жұмыстары жүргізілді. Тиісті шешімдер қабылданды.


Вернуться назад