Главная > Жаңалықтар / Әдістемелік орталығының жұмыстары > Балқаш аудандық білім беруді дамыту оқу- әдістемелік орталығының атқарған жұмысы
Балқаш аудандық білім беруді дамыту оқу- әдістемелік орталығының атқарған жұмысы3-11-2020, 10:22. Разместил: admin13 |
|||||||||||||||||||||
Балқаш ауданы әдістемелік кабинеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің 27.07.2015 № 488 «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін», Қазақстан республикасында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту Тұжырымдамасын, педагогтердің МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, 2020 жылы алдына мынадай негізгі міндеттерді қойып жұмыс жасады:
16 мектеп басшысы мектеп басшыларының 9 айлық курсынан өтіп, сертификат иеленіп, іс-тәжірибесінде мектептерінің даму жоспары бойынша іс-шараларын жүзеге асыруда. 387 (32 %) ұстаздар өз білімдерін республикалық, облыстық мамандар кәсібін дамыту институттарынан қысқа мерзімді курстан өтті. Білім мазмұнын жаңарту аясында еліміздің педагогтерінің біліктілігін арттыру курсынан 510(60%) мұғалім білімін жетілдірді. Әр әдіскердің функциялық міндетіне сәйкес ауданның барлық білім беру мекемелеріне «Әдістемелік күн» өткізіп, түрлі бағыттарда әдістемелік көмектер ұйымдастырды.
Атап айтқанда, аудандық білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жоспары бойынша Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолындағы проблемаларды шешуге ұсыныстар жинақтау, талдау, жоспарлау құзыреттілігін жетілдіру мақсатында «Критериалды бағалау негізінде оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында дискуссиялық алаң өтті. Аталған шараға ауданның 21 мектебінен 28 мұғалім қатысты. Бақанас мектеп-интернаты базасында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Организация образовательного процесса на уроках русского языка и литературы в условиях обновленного содержания образования» семинар практикум, «Система критериального оценивания учебных достижений учащихся по русскому языку и литературе в контексте обновления содержания образования» тақырыбында өткізілген семинар-тренингтерге білім мекемелерінен 43 орыс тілі пәнінің мұғалімі, Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің психологы Г.Рысбекова, аудандық білімді дамыту орталығының оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері қатысты. Семинар кезінде 2 тренинг, 4 ықшам сабақ, 7 шебер сынып, 4 таныстырылым, 2 коучинг – барлығы 19 шара өткізілді. Семинар соңынан талдау жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар жинақталды. Жүргізілген семинарларда жинақталған әдіс-тәсілдер Береке орта мектебінде өткен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ, орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту тәжірибесі» ашық есік күнінде сынға салынып, көпшілік тарапынан жақсы пікірлерге ие болды. Аталған шарада кері байланыс арқылы 12 мұғалімнен, 47 ата-анадан ұсыныс-пікірлер жинақталды. Талдау кезіндегі ұсыныстарды ескере отырып, қосымша жоспар жасалып, белгіленген шаралар талапқа сай жүзеге асырылды. « Оқу үрдісіндегі инновацилық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану және бастауыш сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша критериалды бағалау жүйесін енгізу»; «Әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастырудың білім сапасына ықпалы»; Жаңа форматтағы ҰБТ-ге математикалық және оқу сауаттылығы бойынша дайындық жұмыстарын алу, пәндер бойынша сабақ үрдісінің сапалы ұйымдастырылуы»; «Әдістемелік жұмысты жоспарлау, басқару, бақылау және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жұмыстары», «Мектептегі әдістемелік жұмыстың жүйесін басқару жолдары», «Әдістемелік қызметті басқару, бақылау, аналитикалық талдау жасау бағыттары» т.б. тақырыптарда салалар бойынша «Әдістемелік күннің» бағыттары белгіленіп өткізілсе, пәндер бойынша 36 әдістемелік көмек көрсетілді, 16 тақырыптық зерделеу жұмысы жүргізіліп, аудандық білім бөлімінің алқа мәжілістері мен әдістемелік кеңестерде қаралды. Әдістемелік орталық 38 тәжірибе алмасу семинары, 2 рет мектеп директорларымен семинар-кеңес, облыстық 2 семинар, облыстық онлайн сабақ-1, 2 рет тақырыптық көрме, салалар бойынша 23 кәсіби байқау жарыстар, мектеп оқушыларының конкурстары өтті. Талдықорған қаласындағы Педагогикалық Шеберлік Орталығының аға менеджері Қазығұлова Гауһар Ясынқызы білім беру саласындағы педагогтардың тәжірибесін жетілдіру, оларға кәсіби қолдау көрсету және әдістемелік көмек беру мақсатында ауданындағы 5 мектепте болып, тілдік құзыреттілікті жетілдіру бағытында шаралар өткізді. Негізгі мақсаты жетекші және серіктес мектептер арасындағы желілік жұмыстарды жетілдіру болғандықтан, Б.Бейсекбаев атындағы орта мектепте «Желілік қоғамдастықтың мұғалімдер құзыреттілігін қалыптастырудағы ролі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға жетекші және серіктес мектептердің жетекшілері, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтіп, сабақ жүргізіп жүрген 36 педагог қатысты. Сонымен бірге аудан білім мекемелері мұғалімдері облыстық, аймақтық семинарларға да қатысып, тәжірибесін бөлісуде. Атап айтқанда, Қапшағай қаласында өткен «Өлкетану бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы аймақтық оқыту семинарына, Капшағай қаласы №2 орта мектеп базасында «Сынып жетекшілерінің мектептегі тәрбие жұмысы жоспарын жасау» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Іле ауданы Боралдай кенті №40 орта мектеп базасында «Ағылшын тілі сабақтарында оқытудың тиімді тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында аймақтық семинар-практикумға 10 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысып, іс-тәжірибе алмасты. Сондай-ақ «Өткенді ұлықтау-тарихты ұмытпау» тақырыбында ауған соғысының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 23 тарих пәні мұғалімдері қатысты. «Қоғамдық пәндерді оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинарға 21 педагог қатысып, тәжірибе алмасты. Биология және химия пәні мұғалімдерінің білім мазмұнын жақсарту жағдайында ҚМЖ-ны жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбында педагогикалық оқу өтті. Педагогикалық оқуға 21 мұғалімнің жұмысы ұсынылып, арнайы дипломдармен марапатталды.Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің базасында облыстық білім басқармасының тапсырмасымен «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарды тренер Б.Абдикаликова жүргізді. Семинарға 26 педагог-психолог қатысты. «Креативті өрлеу» жобасы аясында: қазан айында «Жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында өзін-өзі тану пәнін өткізу ерекшеліктері» тақырыбында форум өтті. Форумға 31 мұғалім қатысты. Облыстық білім басқармасының 17 қазандағы №689-н бұйрығына сәйкес аудан мектептерінің өзін-өзі тану пәнінің жүргізілу жағдайы зерделеніп, мониторинг жасалып көмектер берілді. Жаңартылған бағдарлама аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі базасында «Критериалды бағалау-бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін арттыру ресурсы» тақырыбында облыстық әдістемелік семинарға 4 бастауыш сыныбынып мұғалімдері қатысып тәжірибе бөлісті. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқу әдістемелік қызметін ұйымдастыру жағдайына көмек беру мақсатында Бөбек балалар бақшасы, Балдырған балалар бақшасы, Толғанай балалар бақшасы, Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Қарағаш орта мектебі, №1Жамбыл атындағы орта мектебі, Үлгілі орта мектебі, Бірлік орта мектебі, Сеңгірбаев атындағы орта мектепте "Мектепалды даярлық сыныбында жаңаша оқытудың әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары тақырыбында әдістемелік қолдау көрсетілді. Барлығы 25 тәрбиешіге. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында БЖБ/ТЖБ тапсырмаларын құрастырудың қиындықтарын шешу жайлы әдістемелік көмек беру мақсатында Ақкөл орта мектебі педагогтарына аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскерінің ұйымдастыруымен 12 мұғалімге әдістемелік көмек көрсетілді. Аралтөбе, Н.Бозжанов, Б.Бейсекбаев, №1Жамбыл атындағы орта мектептерде орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылу жағдайын тақырыпты кешенді зерделей отырып, әдістемелік көмек көрсетіліп, 8 мұғалімге сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын дайындау және оны жүзеге асыру, ары қарай жұмыстар жасау, Д.Қонаев, Ақкөл, Береке, Бірлік, Ақдала орта мектептерінде білім мазмұнын жаңарту бағытындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің айтылым, жазылым дағдыларын дамыту бағытындағы оқытылу сапасын зерделей отырып, сабақ сапасын арттыру жолдары, дағдыларды дамытудағы практикалық жұмыстар, диалогтық оқыту түрлерін тиімді қолдану, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау жолдары т.б. әдістемелік көмек пен кәсіби қолдау көрсетілді. «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі, әдебиеті пәндерінде оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында Жиделі, Бірлік, Аралтөбе орта мектептерінде, сондай-ақ «Жаңартылған білім мазмұны курсынан өткен қазақ, орыс тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері» бойынша Жиделі, Үлгілі, Ж.Бәрібаев, Бірлік орта мектептерінде әдістемелік десант өткізілді. Аталған әдістемелік күндерда 9 қазақ тілі пәнінің және 6 орыс тілі пәнінің мұғаліміне кәсіби қолдау көрсетілді және әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Ақдала орта мектебінде «Критериалды бағалау-сапалы білім кепілі» тақырыбында әдістемелік күн өтіп, 4 қазақ тілі және 2 орыс тілі пәнінің мұғаліміне әдістемелік көмек көрсетілді. Аудан мектептеріндегі вариативті «Өлкетану» курсының жүргізілу және қоғамдық пәндердің оқытылу жағдайы зерделеніп, әдістемелік көмек көрсетілді. «Білім беру ұйымдарындағы тарих пәнінің оқытылу жағдайы» тақырыбында Береке, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептерінің тарих және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсетілді және әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Ақдала орта мектебінде «Критериалды бағалау-сапалы білім кепілі» тақырыбында, сондай-ақ «Сабақты зерттеу тәсілін қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында №2Жамбыл, Жиделі орта мектептерінде әдістемелік күн өтті. Ақдала, М.Сеңгірбаев, №1 Жамбыл орта мектептеріне ағылшын тілі пәнінің оқытылуы сапасын анықтау мақсатында зерделеу жұмысы жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Ақкөл, Көкжиде орта мектептеріне «Білім сапасын арттырудағы оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өтті. №1Жамбыл, Қарағаш, Береке орта мектептерінде қазақстан тарих және дүние жүзі тарихы пәндерінен ҰБТ –ға және қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстарының жүргізілу жағдайын анықтау мақсатында әдістемелік десант өткізілді. Ж.Бәрібаев, Ы.Алтынсарин, Көкжиде, Жиделі орта мектептерінде вариативті «Абайтану», «Өлкетану» курстарының жүргізілуін жақсарту мақсатында әдістемелік десант ұйымдастырылды. Аталған мектептерде 7 мұғалім «Абайтану», 8 мұғалім «Өлкетану» курстарын жүргізеді. Барлық мұғалімдер білім жетілдіру курстарынан өткен. Аудандық білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері тарапынан мұғалімдердің аталған бағыттардағы пәндерді оқытуды одан әрі жетілдіру мақсатында үлгілі сабақтар көрсетіліп, ашық кәсіби сұхбаттар жүргізілді. Сондай-ақ сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жолдары, оны зерттеу, оқушылармен бірлесіп өлкедегі беймәлім мекендер мен тұлғалар туралы деректер жинау жолдары, оны жариялау туралы әдістемелік көмектер көрсетілді. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы оқу процесінің ұйымдастыру: өзекті мәселелер және олардың шешу жолдары» тақырыбында Дискуссиялық алаңы өтті алаңаға ауданның бастауыш сынып мұғалімдері және облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері Қ.Оспанова 21 мектептен барлығы 28 педагог қатысып әдістемелік көмек берді. Арман балалар бақшасында «Балабакшада сюжеттік-рөлді ойындарды ұйымдастыру жолдары» атты тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылып, барлығы 82 тәрбиеші қатысты. Ы.Алтынсарин, Ә.Ахметов атындағы орта мектептеріне бақылау департаментінің тәуекел тобының мониторингісінде көрсетілген бағыттар негізінде алдын -ала әдістемелік көмектер көрсетілді. Көмек барысында қазақ және орыс тілдері бірлестік жетекшілерінің жоспарлауы мен атқарылған шараларына зерделеу жүргізілді. Және нормативтік құқықтық құжаттардың өзгерістер мен толықтырулары таныстырылып, түсіндірілді. Барлығы жоспарланған 21 мектепке әдістемелік көмек және білім сапасы төмен 8 мектепке әдістемелік десант жүргізілді. Кәсіби байқаулар 2020-2021 оқу жылының қазан айында өткен облыстық «Ең үздік психолог» байқауына №2 Жамбыл атындағы орта мектептің психологы Найзабекова Меруерт Тынышбекқызы қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Қазақстан Республикасы БҒМ тарапынан ұйымдастырылған «Табысқа жол» бағдарламасы негізінде жарияланған байқау қорытындысы бойынша «Ақдала орта мектебі» МКМ-нің директоры Қалиева Айгүл Қуанышбекқызының «Цифрлы Қазақстанның» білім беру үдерісін өркендетудегі ролі, «Бірлік орта мектебі» МКМ-нің директоры Кембебаева Гүлнар Зауланбайқызының «Рухани жаңғыру» – cапалы білім берудің маңызды өзегі, «Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы директоры Алимбаева Жайдары Даупасовнаның «Цифрлық Қазақстан: бүгіні мен болашағы» еңбектері республикалық кезеңге жіберілді. Биылғы жылды Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж.Тоқаев «Абай жылы» атағаны белгілі. Аталған шара аясында аудан мектептерінде түрлі шаралар ұйымдастырды. Игілікті шара ғылыми зерттеуге де ұласып, түрлі жобалар жүзеге асты.Соның ішінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына «Ұлы Абай өлеңдеріндегі даналық сөздер» тақырыбындағы стендтті атап өтуге болады. Стендтің ұзындығы – 3,5 метр, биіктігі – 2,80 метр. Бұл стендтті Топар орта мектебінің мұғалімі Анархан Джумадилова білім бөлімі мамандары және мектеп мұғалімдерімен арнайы топ құрды. Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай оның шығармаларынан 175 дана сөзін жинап, «Абай пирамидасы» ретінде арнайы стендке орналастырды. Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге...» деген тұжырымы негізінде, әр дана сөзі бір кірпішке жазылған. Бұл – облыс, республикадағы жаңа қырынан көрінген ерекше, соны ізденіс. Д.А.Қонаев атындағы орта мектепте «Адамзаттың Абайы» атты стенд жасалып ілінді. Аталған стендтте ұлт тұтастығын сақтау символы шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтың астына Абай бастаған поэзия көш-керуенді жалғастырушы ақын-жазушылар бір-бір уық ретінде көрініс тапқан. Оның астына Абайдың дана сөздері орын тепкен. Негізі «Егер Абай даналығымен жүрсек, біз ұлт боп ұйысамыз, қазақ халқының қасиетті шаңырағы мәңгі сақталады» деген идеямен үндеседі. ![]() Озық іс -тәжірибелер зерттеу, жинақтау және тарату бойынша: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату мақсатында барлық пәндер бойынша «Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру - табысты оқытуға қол жеткізудің кепілі»-106 мұғалім, «Білім бере тәрбиелеу - ең жетік әдістің бірі»-36, «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар», «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі«, «Өркенді ізденістер, өрісті істер», «Білім мекемесі қызметін ұйымдастырудың мұғалім шығармашылығын қалыптастырудағы ролі», «Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты іс», «Білімді ұрпақ – ел ертеңі», «Табысты сабақ – мектептің басты қадамы» тақырыптарында ауданымыздың тәжірибелі ұстаздарының сабақтары, зерттеу еңбектері, іс-тәжірибе жинағы және сабақ үлгілері әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен баспасөз беттерінде жарық көріп, аудан, облыс көлеміне таратылды. «Ұлттық код. Тарихи сана. Ұлттық бірегейлік» атты республикалық конференцияға тарих, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысып, педагогтарының іс-тәжірибелері республикалық жинаққа енді. Сонымен қатар Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен интернет-конференцияға 2 пихолог қатысып, «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында психологиялық қызметтегі түзету-дамытудың тиімді жолдары» тақырыбындағы жинаққа жұмыстары енді. Вернуться назад |